Алматыдағы ұшақ апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

0
1 575

Дәрігерлер олардың өмірі үшін күресіп жатыр.


Алматыдағы ұшақ апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Алматыда АН-26 әскери ұшағының апатынан зардап шеккен екі экипаж мүшесінің жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.


"Біз олардың өмірі үшін күресіп жатырмыз. Қазір олардың жағдайы тұрақты, олар қазір №4 Қалалық клиникалық ауруханада жатыр. Алғашқы күннен бастап біздің дәрігерлер қажетті көмекті көрсетті. Қазір біз Құдайдан олардың шынымен жақсарып, біздің қатарымызға оралуын сұраймыз. Әзірге олардың жағдайы тұрақты ауыр", - деді Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали.


Айта кетейік, 13 наурызда Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ұшағы құлады. Бортта алты адам болды, олардың төртеуі қайтыс болып, екеуі ауруханаға түсті.

1987 жылғынауқас ауруханаға сол жақ жамбастың ашық сынуы, жабық бас сүйек-ми жарақатымен түсті. 1996 жылғы науқас ашық бассүйек-ми жарақатымен, қол саусақтарының сынуымен, 2-ші, 3-ші дәрежелі дене күйіктерімен түсті.