Бүгін мегаполисте 5 балдық жер сілкінісі тіркелді.
ERNUR.KZ. Алматыдағы жер сілкінісінен 18 жастағы жігіт зардап шекті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Денсаулық сақтау басқармасына екі тобығы ішінен сынған 1 адам жүгінді. Мән-жайы анықталуда», - деді Алматы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев.
Қаланың 18 жастағы тұрғынына Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында жәрдем көрсетілген.
Еске салсақ, бүгін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жер дүмпуі Алматы облысында және Жетісу облысында сезілген.