Алматыдағы зираттар 1-10 мамыр аралығында жабық болады

0
1 838

Біз жаппай жиналатын орындарда шектеу енгізуге тырысып жатырмыз, деді Бекшин.


Алматыдағы зираттар 1-10 мамыр аралығында жабық болады

ERNUR.KZ. Алматыда 1-10 мамыр аралығында зират басына баруға рұқсат етілмейді. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

"Біз жаппай жиналатын орындарда шектеу енгізуге тырысып жатырмыз. Біз зираттарға адамдардың көп келетінін білеміз. Өткен жылы да шектеу өз нәтижесін берген болатын. Биылғы жылы жағдай қиынырақ, өйткені мутацияланған штамдар бар, үнді штамының таралуы үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Қала тұрғындары ата-аналар күнін қолайлы кезеңге ауыстыру керек. Зираттар мамырдың 1-нен 10-на дейін жұмыс істемейді. Біз бұл күндері зираттарға келуді шектеу туралы шешім қабылдадық", - дейді Бекшин.