Алматылық әйел ұлын өлтіріп, өзіне қол жұмсаған

0
624

1981 жылы туған әйел 12 жасар ұлын бірнеше рет пышақтаған.


Алматылық әйел ұлын өлтіріп, өзіне қол жұмсаған

ERNUR.KZ. Алматы тұрғыны бұрынғы күйеуіне "ішіне жын кіргені" туралы хабарлама жолдап, ұлын өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған, деп жазады tengrinews.kz.

Алматы полициясы 1981 жылы туған әйел 2011 жылы туған ұлын бірнеше рет пышақтап өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсағанын хабарлады. Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелген.

"Сондай-ақ, сол күні әйел бұрынғы күйеуіне аудио-хабарлама жолдап, онда ішіне жын кіріп, ұлын оның қолымен өлтіргенін хабарлағаны анықталды. Біраз уақыттан кейін ер адам үйіне келіп, бұрынғы әйелі мен ұлының өлі денесін тапқан", - деді полиция өкілдері.

Ер адам бұрынғы әйелі кейінгі айларда психикалық ауруға шалдыққанын айтқан.