Алматылық құтқарушылар жаппай жұмыстан бас тартпақшы

0
2 674

Ресми қызмет ететін 500 адамның барлығына да айлық түспеген.


Алматылық құтқарушылар жаппай жұмыстан бас тартпақшы

ERNUR.KZ. Маңдай термен тапқан нәпақаларын 3 айдан бері ала алмай жүрген құтқарушылар наразылыққа шықты, деп жазады inbusiness.kz.

Сөздерінше, ресми қызмет ететін 500 адамның барлығына да айлық түспеген. Тек, соның 120-сы ғана бас көтеріп, жанайқайларын айтып жүр. Жығылғанға жұдырық болғандай қызметтік киімге де жарытпады дейді.