Олардың тікелей басшылары атқарып отырған лауазымдарынан босатылып, қатаң тәртіптік жауапқа тартылды.
ERNUR.KZ. Алматының бұрынғы және қызметтегі полицейлері қазақстандықтардың жеке деректерін сатқан. Бұл туралы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.
"Алматы полиция департаментінің жұмыс істеп жүрген және бұрынғы қызметкерлері қатысқан қылмыстық топ ұсталды, олар азаматтық тұлғалардың жәрдемімен ведомстволық ақпараттық базаларды сату бойынша бизнес жасаған. Дербес деректер үшінші тұлғалардың қолына тап болған", - деп хабарлады ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов.
Оның айтуынша, "бизнеске" екі қызметтегі, үш бұрынғы полицей және бір азаматтық тұлға қатысты. Барлығы сотталды.
"Олардың тікелей басшылары атқарып отырған лауазымдарынан босатылып, қатаң тәртіптік жауапқа тартылды", - деп қосты Саданов.