Алматылық студент қыз ұзақ жыл киюге мәжбүр болған бетпердеден арылды

0
1 190

Дәрігерлер студент қыздың бетіндегі үлкен ісікті алып тастап, мұрнын қалпына келтірді


Алматылық студент қыз ұзақ жыл киюге мәжбүр болған бетпердеден арылды

ERNUR.KZ. Алматының пластикалық хирургтері 17 жастағы Алмагүл Жолдасованың бетіндегі ісікті алып тастап, мұрнын қалпына келтірді. Студент қыз кішкентайынан кемістігін медициналық маскамен жауып жүрген екен. Алмагүл Жолдасова мұрнына шыққан үлкен ісіктен ұялып, осыған дейін үнемі бетперде киіп келген, деп жазады ktk.kz.

"Қазақстанда мұндай оталар мүлдем жасалмайды деуге болады. Тамаша нәтиже, науқас қатты разы болды", — дейді пластикалық хирург Мұхаммед Шбаир.

Дәрігерлер операцияға мұқият дайындалып, Оңтүстік Кореядағы әріптестерінен бірнеше рет кеңес алыпты.

Жаңа өмірге қадам басқан 17 жастағы Алмагүл Жолдасова болашақта өз ательесін ашып, анасына көмектескісі келеді.

Қазір Алмагүл емін-еркін сөйлесіп, езу тартып жымия алады. Дегенмен әлі біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болғаны жөн екен. Болашақта бәлкім тағы бір ота жасалуы мүмкін, бірақ ол алдындағыдай күрделі болмайтыны анық.