Сонымен қатар, күдіктінің жалған 600 000 АҚШ долларын сату үшін сақтағаны анықталды.
ERNUR.KZ. Алматыда ер адам жалған 800 мың доллар купюрасын сатқан, деп жазады Tengrinews.kz.
Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті 100 АҚШ доллары номиналындағы жалпы сомасы 293 200 АҚШ доллар болатын 2 932 дана жалған шетел валютасын бірнеше рет сату фактісі бойынша Алматы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
"Сонымен қатар, күдіктінің жалған 600 000 АҚШ долларын сату үшін сақтағаны анықталды. Күдіктіге қатысты соттың санкциясымен қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды", - деді комитеттегілер.