Алматы әуежайында Ақтауға және Шымкентке рейстер кешіктіріліп жатыр.
ERNUR.KZ. Алматылықтар әлеуметтік желілерде тұманның суреттерін жариялап жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.
Жолдардың нашар көрінетіні айтылады.
"Алматы сүттің ішінде. Әл-Фараби даңғылында ештеңе көрінбейді", - деп жазды қала тұрғыны Азамат Мейірбеков.
Алматы әуежайында Ақтауға және Шымкентке рейстер кешіктіріліп жатыр. "Қазгидромет" РМҚ мәліметінше, ертең, 28 қарашада ауа температурасы 7 градус жылы болады.
"Қолайсыз ауа райына байланысты ауа ластануы күтілмейді", - делінген сайтта.