Алматының екі миллионыншы тұрғыны анықталды

0
574

Алматы халқының саны екі миллионнан асты.


Алматының екі миллионыншы тұрғыны анықталды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың екі миллионыншы тұрғыны кім екенін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазірдің өзінде қазақстандықтар 19 миллионға жетті. Ал Алматы халқының саны екі миллионнан асты!
Аяла Жамбыл екі миллионыншы тұрғын атанды. Ол полиция қызметкері Бейбіт Әбілдаев пен балабақша тәрбиешісі Әлия Жәнібекованың отбасындағы алтыншы қыз. Денсаулық, амандық пен бақыт тілеймін!", - деп жазды өңір әкімі Facebook желісіндегі парақшасында.