Алтай Көлгінов астананың суығына қарамастан тұрғындармен бірге жүгірді (фото)

0
977

Елордада Astana Marathon-2019 өтті.


Алтай Көлгінов астананың суығына қарамастан тұрғындармен бірге жүгірді (фото)

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов спортқа құмар елордалық тұрғындармен бірге күннің салқындығына қарамастан 10 шақырым жерді жүгіріп өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүгін, 8 қыркүйек күні бас қалада өткен марафон туралы шаһар басшысы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазып, шарадағы фотоларымен бөлісті.
"Елордада спортпен тұрақты түрде шұғылданатын азаматтардың қатары көбеюде. Бұл бізді қуантады.
Елбасы жариялаған жастар жылы мұндай ауқымды шара еліміз бойынша спортсүйер жастардың басқосуына мүмкіндік берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде бұқаралық спорттың дамуын жүйелі түрде қолдайтынын атап өтті.

Біз өз тарапымыздан спорттың қай түріне болмасын қолдау көрсетіп, қажетті инфрақұрылымдарды дамытуға күш саламыз. Баршаңызды спортпен шұғылдануға шақырамын!", - деді ол өз жазбасында.