​Алтын қорда сақталған мәдени мұралар электронды форматта қолжетімді болады

0
1 266

Министрдің айтуынша, порталда кирилицамен қатар латын әліпбиі де қамтылады және әлем халқына қолжетімді болуы үшін Алтын қор сайтының ағылшын тіліндегі нұсқасы әзірленеді.


​Алтын қорда сақталған мәдени мұралар электронды форматта қолжетімді болады

ERNUR.KZ. Қазақ радиосының Алтын қорында сақталған үздік ертегілер, батырлар жыры, әндер мен күйлер, айтыс пен нақыл сөздер арнайы интернет-порталда қолжетімді болады, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл портал қазақстандықтармен бірге, шеттегі қандастар үшін және шетелдік зерттеушілер үшін пайдалы болмақ.

«Ұлтымыздың мәдени мұрасы алтын қорда ғана сақталып жатпай, келешек ұрпақ мүддесі үшін қызмет етуі қажет. Осы мақсатта «Алтын қор» деп аталатын арнайы сайт құрылады. Сол интернет-портал арқылы елімізде ғана емес, өзге мемлекеттерді мекендеп жатқан қалың қандастарымыз да, қазақ фольклорын зерттеп жүрген шетелдік мамандар да өзіне қажетті мәліметті ала алады», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, порталда кирилицамен қатар латын әліпбиі де қамтылады және әлем халқына қолжетімді болуы үшін Алтын қор сайтының ағылшын тіліндегі нұсқасы әзірленеді.

«Қазақ радиосының Алтын қоры үшін сайт пен қосымша мобильдік нұсқа да жасалады. Яғни, әрбір қазақстандық кешке баласына мобильді нұсқадан ертегі қосып бере алады», - дейді «Qazaq radiolary» ЖШС директоры Құрманбек Жұмағали.

Айта кетейік, елордада Qazaq радиосының Алтын қорындағы үздік ертегілер, батырлар жыры, әндер мен күйлер, айтыс пен нақыл сөздер енген «Дала фольклорының антологиясы» таныстырылды.

Жинақтағы әндер алғашқы орындаушылардың үнімен түпнұсқа қалпында еніп отыр. Атап айтқанда, Әміре Қашаубаевтың «Балқадишасы», «Дударайы», «Жалғыз аршасы» мен «Бесқарагері», Кенен Әзірбаевтың «Көк шолағын», «Бозторғайын», «Бұлбұлға» және «Домбырасын» тыңдауға болады.