​AMANAT 2027 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 1,5 МИЛЛИОН ЖАСТЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

0
649

Партия, әсіресе, жас қазақстандықтардың өзекті мәселелерін шешуге, жас буынға қолдау көрсетуге баса назар аударып отыр.


​AMANAT 2027 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 1,5 МИЛЛИОН ЖАСТЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

Бүгін AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалында партияның сайлауалды бағдарламасын талқылауға арналған жастармен кездесу өтті. Партия филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Бекайдар Төлегенотың төрағалығымен өткен жиында «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» атты сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары, онда қозғалған мәселелердің маңыздылығын талқыланып, бұл бағдарламаны орындау арқылы қол жеткізілетін нәтижелер айтылды.


Басқосуда айтылғандай, AMANAT – әрқашан халықпен бірге болып, сайлаушылармен етене араласып келе жатқан партия. Өткен жылдың өзінде халықпен кездесулерде саяси ұйымның өкілдері тұрғындардан 200 мыңнан астам сұрақтар мен ұсыныстар жинақтаған. Сол сауалдарды талдау арқылы еліміздегі ең маңызды, ең өзекті проблемалар анықталыпты.

Партия, әсіресе, жас қазақстандықтардың өзекті мәселелерін шешуге, жас буынға қолдау көрсетуге баса назар аударып отыр. Жастардың ең үлкен талабының бірі – тұрақты жұмыс орындары мен лайықты еңбекақының болуы. Партия Үкіметтің алдына 2027 жылға дейін кемінде 1,5 миллион жас азаматты жұмыспен қамту жөніндегі міндетті қояды. Оған қоса алдағы 5 жылда азаматтардың табысын арттыруға барынша күш салмақ.

Сайлауалды бағдарламада көрсетілгендей, колледж студенттерінің, бакалавр, магистр мен докторанттардың стипендиясы бір жарым-екі есеге өседі. Жоғары мектептегі білім грантының саны үлгерімнің объективті көрсеткішіне байланысты 1,5 есеге ұлғайтылады. Жас ғалымдарды қолдау үшін ғылыми әзірлемелерге 1 000 грант бөлу де партияның жоспарында бар.
Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.