"Amanat" партиясының мәжілістегі фракция жетекшісі сайланды

0
726

Бейсенбаевтың кандидатурасы партия төрағасы Ерлан Қошанов ұсынды.


ERNUR.KZ. Депутат Елнұр Бейсенбаев мәжілістегі "Amanat" фракциясының жетекшісі болып сайланды, деп жазады sputnik.kz.

Бейсенбаевтың кандидатурасы партия төрағасы Ерлан Қошанов ұсынды. Фракция депутаттары осы бастаманы бірауыздан қолдады. Елнұр Бейсенбаев мәжіліске партиялық тізіммен сайланды.
Бұған дейін "Amanat"-тың атқарушы хатшысы қызметін атқарды. Парламент мәжілісінің VII шақырылым депутаты да болды.
Айта кетері, сайлауының қорытындысы бойынша "Amanat" дауыстың 53,9 процентін жинап, 40 депутаттық мандатқа ие болды. Бүгін осы саяси ұйымның жетекшісі Ерлан Қошанов мәжіліс спикері болып сайланды. .