"Қазақфильм" киностудиясы "Әміре" фильмінің трейлерін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазақфильм" киностудиясы "Әміре" фильмінің трейлерін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Киностудияның баспасөз қызметі хабарлағандай, мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ және Әлидар Өтемұратовтың "Dar Play" компаниясымен бірлесе түсірген "Әміре" фильмінің түсіру жұмыстары аяқталды. Кинотуындының түсіру тобы картинаның трейлерін жарыққа шығарды.
Әміре Қашаубаевтың өмір жолына арналған көркем фильм 2018 жылы 5 сәуірде ұлттық прокатқа шығады.
Халықаралық түсірілім тобының құрамында америкалық қоюшы-режиссер Джеф Веспа (Jeff Vespa), оператор – Максим Осадчий ("9 рота", "Сталинград") бар. Фильмнің сценарийін жазған Бенжамин А. ван дер Вин (Benjamin A. van der Veen). Басты рөлдерді отандық актерлер Санжар Мәдиев (Әміре) және Еркебұлан Дайыров (Мұстафа Шоқай) сомдаған. Сонымен қатар, британдық актер Бен Алдридж (Ben Aldridge) және "Область тьмы", "Три билборда на границе Эббинга, Миссури" фильмдері арқылы танылған австралиялық және америкалық актриса Эбби Корниш (Abbie Cornish) және басқа да актерлер түскен.
"Әміре" фильмі Париж аспанын әнге бөлеп, күллі әлемді тамсандырған Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығына шыққалы отыр.
Картина Латвия, Лос-Анджелес қалаларында түсірілді. Сондай-ақ фильмнің соңғы түсіру жұмыстары Алматы облысы Үшқоңыр ауылының маңында жүргізілді.