Әлеуметтік мәселелер, ана отбасы құндылықтары Ассамблея қызметінің маңызды бағыттарының бірі бола қалатындығын жеткізді.
ERNUR.KZ. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев еліміздегі этномәдени бірлестіктердің көпбалалы аналарымен кездесті, деп жазады ҚазАқпарат.
«Бүгін өздеріңізбен Халықаралық әйелдер күні қарсаңында кездесіп отырмыз. Елбасымыз көпбалалы аналарға қолдау көрсету мәселесіне үлкен көңіл бөлуде. Өткенде болған «Нұр Отан» партиясының съезінде де осы мәселеге назар аударды және мемлекеттен арнайы көмектер ұйымдастыруды, қолдау көрсетуді тапсырды. Елбасымыз әрбір қазақстандық отбасының жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесін «алыс болашақта емес, бүгін сезінуі керектігін» қадап айтты. Сондай-ақ Елбасымыз әлеуметтік қорғау саласын нығайтуға, отбасы беріктігін арттыруға, көпбалалы аналарды қолдауға арналған шығындарды, олардың көлемін ұлғайтуға нақты тапсырмалар берді», - деді кездесуді ашқан Ж.Түймебаев.
Ол 5-6 наурыз күндері еліміздің барлық өңірлерінде ҚХА-ның аясында көпбалалы аналарды мемлекеттік қолдауды түсіндіруі және аналарға құрмет көрсетуге арналған 75-тен астам шара өткізілетіндігін айтты. Әлеуметтік мәселелер, ана отбасы құндылықтары Ассамблея қызметінің маңызды бағыттарының бірі бола қалатындығын жеткізді. Сонымен қатар жиынға қатысқан аналарды алда келе жатқан мерекелерімен құттықтады.
«Құрметті аналар! «Ананың қалауын орындаған, ананың ақ тілек батасын алған ұл-қызының іс оң болады», дейді халық даналығы. Мен Қазақстан халқы Ассамблеясы аналардың мұң-мұқтажын назардан тыс қалдырмайтынына сенім білдіргім келеді. Келе жатқан мерекелеріңіз құтты, өмірлеріңіз қуанышта толы болсын!», - деді ҚХА төрағасының орынбасары.
Кездесу барысында Ақмола облысындағы ауыл мектебінің мұғалімі татьяна Сартаева, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гауһар Әкімқұлова, Қарағанды қаласындағы мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Светлана Цемох сөз сөйледі. Олар елімізде ешбір көпбалалы ана мемлекет пен қоғамның назарынан және қолдауынан тыс қамлауы үшін кешенді шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.
Шара соңында көпбалалы аналарға Халықаралық әйелдер күніне орай ҚХА атынан алғыс хаттар мен гүл шоқтары табыс етілді.