"Анасы дүкенге кеткен": Теміртауда бір үйдің алты қызы тірідей өртеніп кете жаздады

0
709

Өрттің тұтануына балалардың өрт тұтатқышпен ойнағаны себеп болған.


ERNUR.KZ. Теміртауда алты бала тірідей жанып кете жаздады. Бұл туралы Instagram желісіндегі Life09 ресми парақшасы хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Өрт туралы хабарлма 13:20-да келіп түскен. Жетінші қабатта орналасқан екі бөлмелі пәтерде үйдің заттары мен линолеум өртене бастайды.

Анасының сөзінше, ол сағат 13:10 шамасында балаларды үлкен қызына тапсырып, дүкенге кеткен. Ал 13:35 кезінде көршілері телефон шалып, үйден түтін шығып жатқанын хабарлайды.

Өрт сөндірушілер келгенде дейін көршілер сыртқы есікті бұзып кіріп, өртті сөндіріп үлгерген. Олар 2013, 2014, 2015, 2016, 2018 және 2019 жылы туған алты қыз баланы құтқарып қалған.

Ал өрттің тұтануына балалардың өрт тұтатқышпен ойнағаны себеп болды.