Антикор қызметкері 60 миллион теңге пара үшін 12 жылға сотталды

0
433

​Сот сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет офицерінің берген антын бұзуын жазаны ауырлатуға себеп деп таныды.


Антикор қызметкері 60 миллион теңге пара үшін 12 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аға офицері фирма иесінен 60 миллион теңге пара алған, деп жазады sputniknews.kz.

Сот материалына сәйкес, сотталушы алаяқтық жасады және ЖШС иесінің қосымша есептелген салығы мен өсімпұлын азайту мәселесін реттеу үшін пара беруге итермеледі деп айыпталды. 2019 жылдың 5 шілдесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкері 60 миллион теңге иемденген.

Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

"Кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің мәлімдемесімен, тергеу, жедел-іздестіру іс-шарасы хаттамаларымен, сот сараптамасы қорытындысымен расталды", - деді соттың баспасөз қызметі.

Сот жаза мерзімін белгілеу кезінде берілген анттың бұзылуын ауырлатуға себеп деп таныды. Соны ескере келе 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Сонымен қатар сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. Мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлік тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.