Әнуар Жанғозин мектеп формасына қандай талап қойылғанын түсіндірді

0
1 476

Жергілікті өндірушілерден мектеп формасын 20 мың теңге шамасында алуға болады.


Әнуар Жанғозин мектеп формасына қандай талап қойылғанын түсіндірді

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин мектеп формасына қойылатын талаптарды атады, деп жазады Stan.kz.

«Жергілікті өндірушілерге мониторинг жасадық. Шынымен мектеп формасы ғана емес, сапалы аяқ киімді шығаратын өндірушілер бар. Өздері тігетін жеткізушіден мектеп формасын 20 мың теңге шамасында алуға болады. Аяқ киімді 6-8 мыңнан 10 мың теңгеге дейін алуға болады. Қыздар мен ұлдарға да бірдей осындай бағада шығуы мүмкін», - деді Жанғозин.

Басқарма басшысы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы ата-аналармен бірге екі жыл бұрын мектеп формасы қою көк түсте болуы тиіс деген шешім қабылдағанын айтты.

«Мектеп формасын нақты жеткізуші жоқ. Дайын ешқандай эскиз де жоқ. Жалғыз талап – мектеп формасы қою көк түсте болуы тиіс. Қайдан сатып алынады, базардан ала ма, ательеде тіге ме, маңызды емес. Мектеп логотипі бөлек дайындалады. Ұлдарға – жилет, шалбар, ақ жейде немесе салқын күндері водолазка, ал қыздарға – сарафан мен жейде немесе жилет, жейде, юбка немесе жилет, жейде, шалбар. Ата-аналарды белгілі бір жеткізушіден сатып алуға мәжбүрлеп жатса, бірден бізге хабарласыңыздар. Тиісті шараны жасаймыз», - деді ол.

Басқарма баспасөз қызметі берген ақпаратта мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайтыны жазылған.