Анықталған жалған екпе құжаттары базадан жойылады

0
541

Қазір әрбір егу бөлмесінде бейнебақылау камералары орнатылған.


Анықталған жалған екпе құжаттары базадан жойылады

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой таңертең Мәжілісте коронавирусқа қарсы екпе бойынша жалған құжаттар жасаудың алдын алуға байланысты қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, деп жазады zakon.kz.

Алексей Цой шектеу немесе белгілі бір құндылығы бар құжаттар туралы сөз болғанда, оның жалғандығы бойынша міндетті түрде қауіп-қатер болатынын айтты.

"Заңды белден басатын және ақшаға құныққан біздің кейбір әріптестеріміз - бүтін бір бизнес индустрия. Біз бұл мәселені бірінші болып көтердік. Бастама көтеріп, күш құрылымдарынан осындай бағытта жедел жұмыстарды жүргізуді, қатарымызда "тазалық" жүргізуді сұрадық. Осындай 90 -нан астам қылмыстық істің беті ашылғанын білесіздер. Олардың жартысынан көбі жалған ПТР-тест анықтамалары, қалғандары екпе құжаттарын жасауға қатысты. Әрбір осындай іс сот шешімі шыққаннан кейін қаралатын болады, анықталған жалған екпе төлқұжаттардың барлығы мәліметтер базасынан жойылады. Яғни, әрбір жағдай бақыланады, біз мұны өте мұқият қадағалаймыз", - деді министр.

Сонымен қатар, алдын алу шарасы ретінде, оның айтуынша, әрбір егу бөлмесінде бейнебақылау камералары орнатылған. Денсаулық сақтау басқармаларының медициналық ұйымдарының өздері тексерулер жүргізеді, ішкі бақылау бойынша. Олар бірнеше осындай фактілерді ашты.

"Біз тұрғындарға мұның өзін-өзі алдау екенін түсіндіруге тырысамыз. Қағазды сатып алыңыз, бірақ ол инфекциядан қорғамайды ғой. Олар кімді алдап жүр, ол жағын білмедім? Шын мәнінде, екпе алғаннан кейін, кез келген жағдайда КВИ-ы ауыр қабылдаудан аулақ болатындығыңызға кепілдік аласыз. Біз бұл бағыттағы өз жұмыстарымызды орындап жатырмыз", - деп сөзін қорытындылады Денсаулық сақтау министрі.