Апатты үйде тұратын астаналықтар заманауи пәтерлерге көшеді

0
351

Реновация бағдарламасына бірқатар инвестор тартылып, тиісті жұмыстар басталды.


Апатты үйде тұратын астаналықтар заманауи пәтерлерге көшеді

ERNUR.KZ. Реновация Байқоңыр ауданының орталық бөлігіндегі 240 гектарды қамтиды. Ірі құрылыс салушылармен уағдаластыққа қол жеткізілді, деп жазады baq.kz.

Реновация бағдарламасына бірқатар инвестор тартылып, тиісті жұмыстар басталды.

Байқоңыр ауданы әкімдігінің кәсіпкерлері мен өкілдері аудан тұрғындарымен кездесіп, осы жұмыстардың ауқымдылығын талқылады.

Ескі тұрғын үй мәселесін шешуде кәсіпкерлердің әлеуетін жұмылдыру және жеке құрылыс салушылардың инвестициялық белсенділігін ынталандыру қажет. Осылайша, апатты және тозығы жеткен тұрғын үй мәселелері бірлескен күш-жігермен шешілетін болады. Нәтижесінде қаланың орталық бөлігімен бірге оның шеті де дамиды, тиісінше қаланың ескі бөлігінің келбеті де өзгереді, - деп түсіндірді астаналық Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді.