Араб координациялық тобы Қазақстанға инвестиция салады

0
365

Қор әртүрлі экономикалық салаларда тұрақты даму және жеке сектор жобаларына инвестиция салуды жоспарлап отыр.


Араб координациялық тобы Қазақстанға инвестиция салады

Венада өткен форум аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен OPEC Халықаралық даму қоры арасында Серіктестік туралы негіздемелік меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қор әртүрлі экономикалық салаларда тұрақты даму және жеке сектор жобаларына инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Жалпы, Араб координациялық тобының қорлары ірі инфрақұрылым және өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру үшін инвестициялар тартады.

«Ислам даму институттарының қаржыландыру шарттары халықаралық капитал нарығындағы ең бәсекеге қабілетті шарттар болып табылады. Сондықтан Араб координациялық тобымен ұзақ мерзімді инвестициялық ынтымақтастық біздің инвестициялық саясатымыздың басым бағыты болып табылады», — деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.