Әйел тиын-тебен бермегені үшін бірге тұрған ер адамға пышақ салған.
ERNUR.KZ. Павлодарда арақ сатып алуға ақша бермегені үшін бір азамат кісі қолынан қаза тапқан. Былтыр жазда болған атышулы іске сот үкім кесті, деп жазады zakon.kz.
Тергеу нәтижесіне сай, спирттік ішімдікті сатып алуға талпынған әйелдің тиын-тебен бермегені үшін бірге тұрған ер адамға пышақ салғаны анықталды.
"Бұл іс аса ауыр қылмыс санатына жатады және 15 жылға дейін бас бостандығына айыру түрінде жазаны көздейді. Кінәсін ішінара мойындаған, сондай-ақ қылмысты масаң күйде жасаған, қылмысының қауіпті болуын ескере отырып, сот Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ", – деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.