Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне 4,6 млрд теңге сомасына біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысқа (ЕДС) қатысқан 222 ардагер, 60 106 – соғыс мүгедегі және жеңіске үлес қосқан өзге де азаматтар тұрады. Олардың ішінде: қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 78 адам; кәмелетке толмаған кезде концлагерьде болған – 175 адам; қайтыс болған соғыс мүгедегінің жұбайлары – 2 413 адам; соғыста қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері – 4 адам; тыл еңбеккерлері – 57 436 адам.
Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне көрсетілетін қамқорлық
Біріншіден, зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдердің мөлшері жыл сайын артып келеді. Азаматтардың 20 санатына (соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері, және т.б.) өзге де әлеуметтік төлемдерге қарамастан, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу жүзеге асырылады.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақыны ескере отырып, ай сайын берілетін әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері:
- соғыс қатысушылары – 220 754 теңге (161 адам);
- соғыс мүгедектері – 229 286 теңге (61 адам);
- басқа мемлекеттер (Ауғанстан, Вьетнам, Алжир, Мысыр, Ирак және т. б.) аумағындағы әскери іс-қимылдарға қатысушылар – 215 201 теңге (25 752 адам);
- соғыс қатысушыларына теңестірілгендер – 182 782 теңге (3 648 адам);
- соғыс мүгедектеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілгендер – 140 838 теңге (14 424 адам);
- тыл еңбеккерлері – 148 892 теңге (57 436 адам).
Екіншіден, ардагерлерді әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көрсетілуде. Олардың барлығы әскери қызметшілер үшін қолданылатын құқықтар мен кепілдіктерге ие. Салық салу бойынша жеңілдіктерді пайдаланады, Астана және Алматы қалаларындағы мамандандырылған госпитальдарда білікті медициналық көмек көрсетіледі, санаторлық-курорттық емдеу ұсынылады (367 млн теңгеге 1 989 адам).
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар бюджет және тартылған (демеушілік) қаражат есебінен ардагерлерге мерекелік (естелік) күндерге материалдық көмек түрінде және келесі нысанда қосымша әлеуметтік қолдау түрлерін көрсетеді: тұрғын үйді жөндеу (20,4 млн теңгеге 114 ардагер), отынмен қамтамасыз ету (179,3 млн теңгеге 3 384 адам), қоғамдық көлікте жол жүру жеңілдіктері (116,8 млн теңгеге 6 463 адам), дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (56,4 млн теңгеге 4 826 адам), тіс протездеу (22 млн теңгеге 239 адам), азық-түлік топтамасы (81,3 млн теңгеге 8 097 адам) және әлеуметтік көмектің басқа да түрлері.
Үшіншіден, жыл сайын біржолғы материалдық көмек төлеу дәстүрге айналды. Жеңіс күні қарсаңында жергілікті атқарушы органдар 4,6 млрд теңге сомасында біржолғы көмек көрсетуді көздеп отыр.
Материалдық көмектің ең төменгі кепілдендірілген шегі 1,5 млн теңгеден кем емес мөлшерде белгіленген (Ақтөбе және Павлодар облыстарында – 2 млн теңге).
Барлық санаттар бойынша төлемдер 9 мамырға дейін аяқталады.
Төртіншіден, мемлекет әлеуметтік заңнаманы жетілдіру бойынша тұрақты негізде шаралар жүргізуде. Осылайша, 2020 жылы «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда ардагерлерге берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктер шоғырландырылды. Ол жаңадан енгізілген ардагерлер санаттарының ішінен 11 мың адамға ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуға, сондай-ақ ардагерлер үшін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктерді пайдалануға мүмкіндік берді.