Видео авторы - аттракционда отырған адамның өзі.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Астанадағы Орталық саябақта болған жайтқа қатысты видео тарады, деп жазады tengrinews.kz.
Кадрлардан аттракциондағы сымның аяқ астынан үзіліп кеткенін көруге болады, содан кейін аттракционның шұғыл тоқтату сигналы беріледі
Видео авторы - аттракционда отырған адамның өзі. Астаналық жігіт пен оның қызы аттракционда жалғыз отырған. Видеодан қыз бала бір сәтте қобалжи бастағанын аңғаруға болады.
Жігіт аттракционнан түскеннен кейін үзіліп кеткен кабельді көрсетеді.