Арман Шораев ұсталды

0
1 129

​Арман Шораев әлеуметтік желілер арқылы бірнеше рет шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан, қазір ол қамауда отыр.


Арман Шораев ұсталды

ERNUR.KZ. Белгілі қоғам қайраткері, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бұрынғы мүшесі Арман Шораев ұсталды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Оның ұсталуына Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-тармағында (төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат тарату) қарастырылған қылмыс белгілері бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс негіз болды", - делінген хабарламада.
Департаменттің ақпаратынша, Шораев әлеуметтік желілер арқылы бірнеше рет шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан.
Өз әрекетімен Шораев төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, мемлекет пен қоғамның заңмен қорғалатын мүдделеріне едәуір нұсқан келтірді, деп мәлімдеді Алматы полициясы.
Департаменттен хабарлағандай, ол Қарағандыда ұсталған, қазір уақытша ұстау изоляторында.
Тергеу жалғасып жатыр.