Өткен жексенбі күні түнде Талдықорғанда арматура зауытында снаряд жарылып, 2 адам зардап шеккен.
фото кадрдан алынды
Талдықорғандағы арматура зауытында болған жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Снарядттарды кәсіпорынға кімдер әкелгені және оқиғаның қалай болғанын анықтауға үстінде. Ал, саперлар тобы жарылғыш заттарды іздестіру жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Аумақты толықтай залалсыздандырмақ. Содан кейін ғана қанша оқ-дәрі табылғаны есепке алынады.
"27-маусым күні Талдықорған қалалық полиция басқармасына снарядттың жарылғаны жайында хабар келген. Факт сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 156-бап, 2-бөлігі бойынша тіркелген. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қалалық ауруханаға 2 жәбірленуші жеткізілген", - дейді Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі АҚБОТА ӘЗІРБЕК.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жексенбі күні түнде қаладағы арматура зауытында снаряд жарылып, 2 адам зардап шеккен еді. Олар жедел жәрдеммен қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізіліп, біреуіне шұғыл түрде күрделі ота жасалған. Ал, екіншісі дәрігерлік тексеруден кейін үйіне жіберілген. Бейресми мәлімет бойынша, жарылғыш заттар Арыс қаласынан жеткізілген болуы мүмкін.