Армян нөмірлі көліктерді Қазақстанда кімдер тіркей алмайды

0
876

Маусам айы басталғалы бері ел бойынша армян нөмірлі екі мыңнан астам көлік Қазақстанның тіркеуінен өткен.


Армян нөмірлі көліктерді Қазақстанда кімдер тіркей алмайды

ERNUR.KZ. Бүгін Ішкі істер министрлігі маусымнан бері Қазақстанда бойынша Армениядан келген неше көлік тіркеуден өткенін хабарлады. Армян нөмірлі машиналарды жаппай тіркетіп жатқандар батыс облыстарда көп, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Ішкі істер министрлігі 1 маусамнан бастап біздің азаматтардың Армения Республикасынан әкелген көліктерін тіркеуді бастаған. Екі апта ішінде екі мыңнан астам осындай көлік тіркелді. Ең белсенділілер – батыс өңірлердің тұрғындары. Яғни, тіркелген көліктердің тең жартысы Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында», - деп хабарлады бүгін ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.

Айта кететін жайт, Армениядан келген көліктердің бәрі бірдей Қазақстанның ішкі істер органдарында тіркеуден өте алмайды.

«Арменияның уәкілетті органдары Қазақстан азаматына тіркеген және біздің елімізге 2020 жылдың 1 ақпанына дейін кірген көліктер ғана тіркеуден өте алады. Армения Республикасы берген техникалық паспортта кімнің аты-жөні тұрса, көлік Қазақстанда да сол адамның атына тіркеледі. Ал, көлікті сенімхат арқылы немесе сақтандыру полисі арқылы мініп жүрген адамдар тіркей алмайды. Өйткені, көліктің заңды иесі ол емес. Бірақ, олар сақтандыру полиісі арқылы көлік жүргізу құқығына ие», - деп түсіндірді Серік Түсіпов.