"Арселор Миттал Теміртауға" қарасты барлық шахтаның жұмысы тоқтатылды

0
381

Апат болған Ленин атындағы шахта әзірше ашылмайды.


ERNUR.KZ. "Арселор Миттал Теміртау" компаниясына қарасты барлық шахтаның жұмысы бір тәулікке тоқтатылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Қазіргі кезде "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ға қарасты барлық шахтаның жұмысы тоқтатылды. Бір тәуліктің ішінде қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, учаскелер тексеріледі. Сондай-ақ шахтаға түсетін жұмысшылардан сынақ қабылданады", - деді Ильин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, апат болған Ленин атындағы шахта әзірше ашылмайды. Оған сараптамалық комиссия мүшелері түседі. Бұдан бөлек, апат салдарын жою шаралары жүргізіледі.