Жаңа инвестор — қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев.
ERNUR.KZ. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының атауын ауыстыру жөнінде пікірін білдірді, деп жазады inform.kz.
«Компанияның ребрендингін жаңа инвестор нақты бекітеді. Біздің пікірімізше, бұрынғы тарихи „Қармет“ атауын қайтару қажет. Мұны қызметкерлер мен тұрғындар да қолдайды деп ойлаймын», — деді Қанат Шарлапаев Үкіметте өткен брифингте.
Айта кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мемлекет меншігіне қайтару келіссөздері аяқталды. АМТ екі кәсіпорнының құны 286 млн долларға бағаланған.
Жаңа инвестор — қазақстандық бизнесмен Андрей Лаврентьев. Ол 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Allur Group» компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы, оның құрамында «Агромашхолдинг» және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС бар.
Сондай-ақ, «АрселорМиттал Теміртау» «Қазақстан халқына» қорына 16 млрд теңге қайырымдылық қаржы аударады. Бұл қаражаттың 50 пайызы Теміртау қаласына және қалғаны Қарағанды облысын дамытуға жұмсалады.