АрселорМиттал Теміртау кәсіпорнында тағы бір жұмысшы биіктен құлап көз жұмды

0
551

1986 жылы туған «AB Construction» ЖШС қызметкері биіктен құлап, жарақат салдарынан көз жұмды.


АрселорМиттал Теміртау кәсіпорнында тағы бір жұмысшы биіктен құлап көз жұмды

ERNUR.KZ. Теміртаудағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі жылу электр орталығында монтаждаушы қаза тапты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгін, 16 маусым күні ЖЭО-2 №7 қазандығында монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде күтпеген жағдай болды. 1986 жылы туған «AB Construction» ЖШС қызметкері биіктен құлап, жарақат салдарынан көз жұмды», - деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта іс тергеліп жатыр.

«AB Construction» компаниясының басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

ЖЭО-2 - «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының ірі өндіруші кәсіпорны саналады.

Станция өндірген электр энергиясы компания кәсіпорындарының электр жүктемелерін жабуға жұмсалады.

Артық электр энергиясы Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығында сатылады.

Теміртау энергия торабындағы үш электр станциясының бірі.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусымда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еншілес кәсіпорнында шатыр опырылып құлаған болатын.

Оқиға салдарынан төрт жұмысшы қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді.