Аружан Саин мен Саида Тәукелева "Қазақстан халқына" қоры қамқоршылық кеңесінен кетті

0
464

Саида Тәукелева "Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесі мен құрылтайшыларының мүшелігінен шығу туралы өз шешімін "салмақты және ойластырылған" деп атады.


Аружан Саин мен Саида Тәукелева

ERNUR.KZ. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин мен қоғам белсендісі Саида Тәукелева "Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшелігінен кетті, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы олар 26 желтоқсанда Facebook-те жазды.

"Мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сенім білдіргені үшін, Қамқоршылық кеңес мүшелеріне бірлескен жұмыс үшін үлкен алғысымды білдіремін. Қазіргі уақытта "Қазақстан халқына" қоры түрлі жобаларды жүзеге асыруда, адамдарға көмектесуде, бұл өте маңызды! 142,5 миллиард теңгенің 14,6 миллиард теңгесі игерілді. Бұл ретте жекелеген мәселелер бойынша Қамқоршылық кеңес және басқарма мүшелерінің қор жұмысын ұйымдастыруға, кеңес отырыстарына ұсынылатын жобаларды дайындау мен негіздеуге, жобаларды жүзеге асыруға қатысты көзқарастары әртүрлі. Басқармаға менің көмегім керек болса, "Қазақстан халқы" қорына көмектесуге дайынмын, ол үшін қордың сенімді өкілі болуым шарт емес."Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесінен шығуым біздің балалар үшін қол жеткізгіміз келетін жаһандық мақсаттарымызға әсер етпейді. Әріптестеріме бірлескен жұмысы үшін алғыс айтамын", - деп жазды Саин.

Саида Тәукелева "Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесі мен құрылтайшыларының мүшелігінен шығу туралы өз шешімін "салмақты және ойластырылған" деп атады.

"Әріптестеріме бірлескен жұмысы үшін алғыс айтамын және алдағы уақытта қор Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан қағидаттарға сай жұмыс істейді деп сенемін", - деп жазды қоғам белсендісі.