Аружан Саин өгей әкесінен таяқ жеп, ауыр халде жатқан баланың ісін қолға алды

0
989

Тек әкесінің ғана емес, анасының да жауапкершілігі қаралады.


Аружан Саин өгей әкесінен таяқ жеп, ауыр халде жатқан баланың ісін қолға алды

ERNUR.KZ. ҚР Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин Алматыда болған жантүршігерлік оқиға туралы түсінік берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бұл сұмдық. Бала ауруханада жатыр. Дәрігерлер оған қолдан келген көмекті жасап жатыр. Қазір қалалық білім басқармасымен байланыста отырмыз. Қорғаншылық және қамқорлық мекемелерінен отбасы туралы, анасы туралы ақпарат сұраттым. Бұл отбасында 5 жастағы тағы бір бала бар. Егер бала бұрын да зардап шеккен болса, анасы неге дабыл қағып, баласын қорғамады екен? Екінші баланың жағдайы қалай? Сұрақ көп. Бұл жерде тек әкесінің ғана емес, анасының да жауапкершілігі қаншалықты болғанын түсініп алу керек. Егер ол балаларға қол көтеруге рұқсат берсе, оның да жауапкершілігін қарастыру керек», - деді Аружан Саин.

Уәкілетті тұлға қажет болған жағдайда балаға көмек көрсететінін айтты.

«Егер балаға шетелдік мамандардың көмегі керек болса, біздің қор оны қамтамасыз етуге дайын», - деді спикер.

Айта кету керек, жантүршігерлік оқиға туралы кеше хабарлаған болатынбыз. 2 жасар бүлдіршінді өгей әкесі ұрып тастаған. Алған жарақаты ауыр болғандықтан бала комаға түсіп қалды .