Аружан Саин туған күнінде қазақстандықтарды қайырымдылық жасауға шақырды

0
897

Жоба аясында жиналған қаражат 100% балалардың еміне ғана жұмсалады.


Аружан Саин туған күнінде қазақстандықтарды қайырымдылық жасауға шақырды

ERNUR.KZ. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин 1976 жылы 10 тамызда Қызылорда облысында дүниеге келген. Бүгін омбудсмен туған күнінде қазақстандықтарды қайырымдылық жасауға шақырды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«10 тамыз – менің туған күнім. Мен үшін ең бағалы сыйлық, әдеттегідей - ауыр дертпен күресіп келе жатқан балақайларға жанашырлық танытып, оларға қайырым жасағаныңыз. «Балаларға өмір сыйла» - елімізде әзірге емделмейтін ауруға шалдыққан балалардың еміне қаржы жинайтын маңызды жоба. Жоба аясында жиналған қаражат тек балалардың еміне ғана жұмсалады», - деп жазды Аружан Саин.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жазуынша, қаржының кіріс-шығысы туралы мәлімет әр 10 күн сайын hdetdom.kz сайтында жарияланады.

«Жоба аясында жиналған қаражат 100% балалардың еміне ғана жұмсалады. Емге мұқтаж балаларға қол ұшын беріп, оларға бақытты өмір сүруге үміт сыйлап жүрген әр азаматқа алғыс айтамын», - деп жазба қалдырды.