"Арыстағы жарылысқа мерзімі өтіп кеткен оқ-дәрілер себеп болуы мүмкін": сарапшы пікірі

0
1 486

Арыс қаласы маңындағы әскери бөлімнің қоймасы қаншалықты қауіпті екені, ол қоймада не сақталғаны жайлы Ауған соғысы ардагері сұхбат берді.


ERNUR.KZ. 24 маусым таңертең болған төтенше жағдайдың себебін мамандар енді анықтайды. Болжам бойынша, қала іргесіндегі әскери қоймада сақталған снарядтар жарылған, деп жазады almaty.tv.

Жарылыстың қатты болғаны сонша Арыстағы үйлердің терезелері шытынап, ондаған адам ауруханаға жеткізілген.

Осы тұста арнамыз жалпы, Арыс қаласы және оның маңындағы елдімекен орналасқан әскери бөлімнің қоймасы қаншалықты қауіпті екені, ол қоймада не сақталғаны, жарамсыз деп табылған жарылғыш заттар мен қару-жарақты қалай жоюға немесе зарарсыздандыруға болатыны жайлы Ауған соғысының ардагері Егемберді Әбілқасымовпен сұхбаттасқан еді. Толық ақпарат төмендегі бейнежазбада.