Астана қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық маманданған сотында экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы, оның жұбайы мен адвокатына қатысты сот ісі басталды.
ERNUR.KZ. Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты тың деректер пайда болды. Астаналық сот экс-министрдің әйеліне парақорлыққа делдал болды деген айып тақты, деп жазады stan.kz.
Кеше Астана қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық маманданған сотында экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы, оның жұбайы мен адвокатына қатысты сот ісі басталды.
"Мұхамедиұлына аса ірі көлемде пара беруге оқталды деген (ҚК 24-бабы), ал адвокаты Мұстақым Төлеевке аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген (ҚК 190-бап, 4-бөлігі 2-тармағы) баптар бойынша айып тағылды", – делінген сот мәлімдемесінде.
Сонымен қатар Мұхамедиұлының жұбайы Ғалия Ысқақова қылмыстық кодекстің 368-бабы 1-бөлігі бойынша “парақорлыққа делдал болды” деп айыпталды.
Бір жылдан аса уақыт тергелген Арыстанбек Мұхамедиұлы сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Арыстанбек Мұхамедиұлына Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі (қылмысты ұйымдастыру) және 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (заңсыз иелену немесе талан-таражға салу, яғни сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде жымқыру) бойынша айып тағылған.
Сондай-ақ ол өзімен бірге айыпталғандарға қатысты "өмірін мен үшін түрмеде өткізгенін қаламаймын" деп мәлімдеді.