29 мамырда Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алынғаны белгілі болды.
ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды, деп жазады zakon.kz.
"20 желтоқсанда күдікті Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімі бір айға ұзартылды".Астана қаласы сотының баспасөз қызметі
Кейін ұрлықтың тағы бір эпизоды ашылды. Антикор Ұлттық музей орындалған жұмыс үшін мердігерге 1,3 млрд теңге төлегенін түсіндірді. Ал, зерттеу жұмыстың нақты құны 83,4 млн теңгені құрағанын көрсетті.