«Ashyq»: Ең аз QR-код тіркеген кәсіпкер жобадан шеттетіледі

0
442

«Ashyq» жүйесімен жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандардың санаты 23-ке жеткізілген.


«Ashyq»: Ең аз QR-код тіркеген кәсіпкер жобадан шеттетіледі

ERNUR.KZ. «Ashyq» жүйесіне қатыса отырып, ең аз QR-код тіркеген кәсіпкерлік нысандар үш мәрте сылбырлық танытса, жүйеден біржола шығарылады. Бүл туралы Қазақстанның бас санитар дәрігерінің бүгінгі Қаулысында айтылған, деп жазады ҚазАқпарат.

Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі:

1. «Ashyq» жобасына қатысушыларды жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) мынадай негіздер бойынша:

1) мониторингілік топтың объектіде жобаға қатысуға қойылатын талаптардың бұзылуын растайтын фактілерді анықтауы;

2) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) шешімінің негізінде жобадан шығарады;

3) 2 апталық мәліметті жүктеп алу нәтижелері бойынша объекті ВАК белгілеген QR-код (check-in) бойынша келушілерді тіркеудің ең аз санын жүргізбеуінің анықталуы.

2. QR-код (check-in) бойынша келушілері ең аз санмен тіркелген «Ashyq» жобасына қатысушыларға қатысты әкімдіктер:

1) алдын ала ескерту береді;

2) мониторингілік топ анықтаған, қолданыстағы жұмыс алгоритмі қайта бұзылған кезде қатысушы 2 аптаға жобадан шығарылады.

3. Жұмыс алгоритмін 3 рет бұзған қатысушы (мониторингілік топтың нәтижелері бойынша) 2 айдан ерте жобаға қайта орала алмайды.

Бүгін Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің жаңа Қаулысы шықты. Құжатта «Ashyq» жүйесімен жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандардың санаты 23-ке жеткізілгені айтылған.

Сондай-ақ Қаулыда сантиарлық талапты сақтаған кәсіпкерлік нысандарына «Ashyq» көшбасшысы» мәртебесі берілетіні жазылған. Бұл мәртебе кімдерге берілетіні және оны қалай алуға болатыны құжатта қамтылған.