Шекаралас өңірлердің әкімдері санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Жалпы эпидемиологиялық ахуал бақылауда. Дегенмен көрші елдерде жағдайдың қиындағанын көріп отырмыз. Сондықтан өңірлердің, әсіресе шекаралас өңірлердің әкімдері санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етсін, науқастану деңгейіне нақты мониторинг жүргізу және жедел шаралар қабылдап отыру қажет»,- деді Асқар Мамин.
Сонымен қатар Үкімет басшысы мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру қажеттігін баса айтты.
«Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтсін», - деді Премьер-Министр.