Асқар Мамин студенттердің стипендиясы қаншаға өсетінін айтты

0
2 662

Магистранттар мен докторанттардың степендиясы жыл сайын 10 пайызға артады.


Асқар Мамин студенттердің стипендиясы қаншаға өсетінін айтты

ERNUR.KZ. Биыл студенттер стипендиясы 2 есе өседі. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин Nur Otan фракциясының кеңейтілген отырысында хабарлады, деп жазады Stan.kz.

"Биыл 20 мың адамға тегін оқу мүмкіндігі беріледі. Кейін жыл сайын ұлғайтылып, 2025 жылы 50 мыңға дейін жеткізіледі. Студенттердің стипендиясы жыл сайын 20 пайызға артып, 2 есе өседі. Ал магистранттар мен докторанттарға жыл сайын 10 пайызға артып, 1,5 есе өседі, - деді Мамин.

Айта кетейік, 2023 жылға қарай мұғалімдердің жалақысы 2 есеге өсіп, 330 мың теңгеден асатын болады. Орташа жалақы жыл сайын кем дегенде 25% өседі.