Асқар Мамин Түркменстанға барды

0
837

Сапар барысында келіссөздердің күн тәртібінде бастысы газ бен транзит мәселелері болатынын айтты.


Асқар Мамин Түркменстанға барды

ERNUR.KZ. Иран Президенті Сейед Эбрагим Раиси мен Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин жексенбі күні өтетін Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) 15-ші саммитіне қатысу үшін сенбі күні кешке Ашхабадқа келді, деп жазады inbusiness.kz

Иранның Mehr News агенттігінің хабарлауынша, Ашхабадқа кетер алдында Раиси Түрікменстанға сапарының мақсаты екіжақты аймақтық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту екенін айтты.

Раиси осы сапар барысында келіссөздердің күн тәртібінде бастысы газ бен транзит мәселелері болатынын айтты. Иран басшысы Саммит аясында қатысушы елдердің басшыларымен жеке кездесулер өткізетінін, сондай-ақ Түркіменстанның Президентімен және жоғары лауазымды шенеуніктерімен жеке кездесетінін айтты.

Өз кезегінде, Мамин Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен екіжақты қызығушылық тудыратын түрлі салалардағы Түрікмен-Қазақстан қатынастарын одан әрі дамытудың басым мәселелерін талқылады.