Асқар Мамин вакциналау қарқынын арттыруды тапсырды

0
358

Вакцина қорларын толтыру, егу пункттерінің санын арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр.


Асқар Мамин вакциналау қарқынын арттыруды тапсырды

ERNUR.KZ. Вакцинаның болу-болмауы бойынша ешқандай проблема жоқ. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Вирустың репродуктивтілік индексі 0,95 құрайды. Ауруханалардағы төсек-орындар – 33, жан сақтау бөлімдері 26 пайызға толы. Дегенмен 6 өңір «қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстары. Бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы шамамен 3 млн екпе жасалды.

Соның ішінде, алғашқы компонентпен 2 млн-нан астам, екінші компонентпен 1 млн-ға жуық адам вакцина алды», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, вакцина қорларын толтыру, егу пункттерінің санын арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Вакцинаның болу-болмауы бойынша ешқандай проблема жоқ.

«Қазір егу науқанын кеңейту пандемиямен күресуде ең маңызды міндет болып табылады. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге вакциналау қарқынын арттыруды тапсырамын», - деді Асқар Мамин.