Әскери шенін "жуған" әйел полицейлердің әрекеті көпшіліктің наразылығын тудырды (видео)

0
7 531

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде қазақстандық полиция қызметкерінің формасын киген үш әйелдің шен алғанын атап өткен шарадан түсірілген видео пайда болды. Бейнекөріністе погонына жұлдыз қосылғанын "жуып" жатқан үш полиция қызметкері қатар тұрып, 200 граммдық стақанға құйылған әлдебір ақ түсті сұйық затты сіміріп ішіп тастайды.


Әскери шенін

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде қазақстандық полиция қызметкерінің формасын киген үш әйелдің шен алғанын атап өткен шарадан түсірілген видео пайда болды. Бейнекөріністе погонына жұлдыз қосылғанын "жуып" жатқан үш полиция қызметкері қатар тұрып, 200 граммдық стақанға құйылған әлдебір ақ түсті сұйық затты сіміріп ішіп тастайды. Артынан өздерін жаңа шенде таныстырады. Олардың сұйықтықты ішу қарқыны тәжірибесі мен погондағы шендеріне байланысты ма деп қаласың. Өзін "майор Асанова" деп таныстырған әйел стақанды шіміркпей "қағып" салса, капитан "шенін алғанын тойлап" жатқаны ішіп болған соң аздап есеңгіреп қалды. Ал аға лейтенант шенін алғаны ақ сұйықты ішіп, қақалып қала жаздады. Соған қарағанда олардың ішкені спирттік ішімдік болуы мүмкін. Олай дейтініміз, осы видеоны көрген кей азаматтар мұны погондағы жұлдызды қырлы стақандағы араққа салып, оны тоқатамай сіміріп тастау - патшалық Ресей әскерінен келе жатқан ескі дәстүр екенін айтқан.

Бұл видео көпшіліктің наразылығын тудырды. Желі қолданушыларының дені құқық қорғаушылар киімін кигендердің қылығына деген ызасын жасырмай: "Ал енді кімге сеніп жүргендеріңді қараңдар", "Өлді ме арақтан? Соны мақтаныш етіп тұр ма? Балаларына осылай тәрбие бере ме?", "Масқара! Мыналар қашан адам болады? Біз қашан ел боламыз?" деп наразылықтарын білдірді.

Ал, өзгесі: "Бекер емес, шен алған сияқты ғой. Ештеңе етпейді, тойласын. Бірақ фб-ға (фейсбук - ред) бекер салған", "Өз араларында болған нәрсені бекер жіберген", "Өтірік білмей қалмаңдаршы, бұл погондылардың традициясы, сонау Сталин, кеңес үкіметінен қалған" дейді.

Видеодағы адамдардың шын мәнінде полиция қызметкерлері ме, ол жағы белгісіз. Таспа Қазақстанның қай аймағында түсірілгені де беймәлім.

видео әлеуметтік желіден алынды