Әскери ұшақ апатынан зардап шеккен ҰҚК-ның екі қызметкері аурухадан шықты

0
428

Апат салдарынан 4 адам қаза тапқан еді.


Әскери ұшақ апатынан зардап шеккен ҰҚК-ның екі қызметкері аурухадан шықты

ERNUR.KZ. 13 наурызда Алматы әуежайы маңында АН-26 әскери ұшағы апатқа ұшырап, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 4 қызметкері қаза тауып, екі адам Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Үш айдан астам уақыт ем алған ҰҚК-ның екі қызметкері ауруханадан шығарылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Толық емдеу курсынан өткен соң екі әскери қызметші де Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда шығарылды», - деді аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.

Еске сала кетейік, 13 наурызда Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы АН-26 әскери ұшағы радардан жоғалып кетіп, Алматы әуежайы маңында апатқа ұшырады. Апат салдарынан 4 адам қаза тауып, екі адам №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Ұшақ апаты болған күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әуе апатының себептерін анықтауды тапсырды.