Әскерилер Қызылорда облысында тікұшақ апатынан қаза болған әріптестерін ақтық сапарға шығарып салды

0
1 287

ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев және Қарулы Күштердің жеке құрамы тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілерді соңғы сапарға шығарып салды.


Әскерилер Қызылорда облысында тікұшақ апатынан қаза болған әріптестерін ақтық сапарға шығарып салды

ERNUR.KZ Қызылорда облысында әскери ведомство басшысы генерал-майор Нұрлан Ермекбаев және Қарулы Күштердің жеке құрамы тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілерді соңғы сапарға шығарып салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство өкілдері әскери қызметшілердің туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айтып, министр әскери қызметшілердің қаза болуы - бұл отбасы үшін ғана емес, сонымен бірге Қазақстан армиясы үшін орны толмас қайғы-қасірет екенін атап өтті.

"ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанның Қарулы Күштері барлық әлеуметтік кепілдемелерді қамтамасыз етеді және қаза болған әскери қызметшілердің туысқандары мен жақындарына қажетті психологиялық, материалдық және заң бойынша барлық тиесілі әлеуметтік кепілдемелер мен төлемдердің іске асырылуына көмек көрсетеді", - делінген министрліктің хабарламасында.