Астана әкімі тағы бір лауазымға ие болды

0
1 279

Мұны Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов мәлімдеді.


Астана әкімі тағы бір лауазымға ие болды

ERNUR.KZ. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды, ол енді елордалық жеңіл атлетика федерациясын басқарады, деп жазады stan.kz.

Мұны Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов мәлімдеді.

4 қыркүйекте Астана қаласының жеңіл атлетика федерациясының кезекті сайланбалы конференциясы өтті.

"Конференция мүшелерінің шешімімен Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы федерация президенті болып сайланды. Кездесу барысында қалада жеңіл атлетиканы дамыту, жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру және спортшылардың деңгейін арттыру сияқты маңызды міндеттер талқыланды", – деп мәлімдеді Ахметов.