Астана әуежайы ұшақтарды қабылдамай жатыр: 30-ға жуық рейс кейінге шегерілді

0
885

Астана әуежайы ауа райы салдарынан ұшақтарды қабылдамай жатыр.


Астана әуежайы ұшақтарды қабылдамай жатыр: 30-ға жуық рейс кейінге шегерілді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында 27 рейс кейінге шегерілді, деп жазады Stan.kz.


"Сағат 09:30-дан 12:00-ге дейін Астана халықаралық әуежайының аэродромы ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшақтарды қабылдамайды. Перронның жағдайы 400 метрден аз көрінеді. Екпіні 17-ге дейін жететін екпінді жел, болжам бойынша секундына 20-23 метрге дейін жетеді. Бұл ұшақты көктайғаққа қрсы сұйықтықпен өңдеуге кедергі болып табылады", - делінген хабарламада.


Әуе компаниялары да ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстерін кейінге қалдыруға шешім қабылдады.

"Жолаушыларға келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, авиациядағы басты қағида – қауіпсіздік", - делінген хабарламада.