Қызметкерлер ұшу-қону жолағын резеңке қалдығынан тазартады.
ERNUR.KZ. 31 мамыр мен 7 маусым күндері Астана әуежайының ұшу жолағы 4 сағатқа жабылады, деп жазады sputnik.kz.
Қызметкерлер ұшу-қону жолағын резеңке қалдығынан тазартады.
"Бүгінде ұшу-қону ең аз орындалатын күндер алдын ала анықталды. 31 мамыр мен 7 маусым күндері сағат 13:20-дан 17:20-ға дейінгі уақытта тазарту жұмыстары жүргізіледі", - деп жазылғанхабарламада.
Жұмыстар азаматтық авиациядағы әуеайлақты қамтамасыз ету қағидалары шеңберінде орындалады. Ережеге сәйкес, әуеайлақ қызметінің қызметкерлері жылына екі рет ұшуқону жолағындағы резеңке қалдықтарын алып тастауға міндетті.
Резеңке қабаттарын арнайы сұйықтықпен және щеткамен кетіреді.
Министрліктің мәліметінше, резеңке қабаттарын алып тастау әуежайларда жоспарлы жұмыс саналады және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орындалады.