Астана ІІД-ге қызметкерлер қабылдайды

0
1 314

Тегін нысанды киім-кешек, ІІД емханасында тегін медициналық қызмет алу, ІІМ жоғары оқу орындарында тегін оқу, тұру үшін жатақхана беріледі.


Астана ІІД-ге қызметкерлер қабылдайды

ERNUR.KZ. Астана қаласы ІІД бос лауазымдар жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап атсақ, бос лауазымдарға орналастыру үшін конкурстық негізде іріктеу жариялайды: Жол-патрульдік полиция мамандандырылған батальонының қызмет аға инспекторы, Жол-патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы, полицей, полицей-жүргізуші, полицей-кавалерист, кіші инспектор-кинолог.

«Астана қаласының Ішкі істер департаменті 3 тамыз сағат 10-00-де Бейбітшілік көшесі, 25 «Өркен» іскери орталығының ғимаратында өтетін бос лауазымдар жәрмеңкесіне шақырады. Бос лауазымдар жәрмеңкесінде тергеуші, аңықтаушы, жедел уәкіл, инспектор, полицей бос лауазымдары ұсынылады», - делінген ведомствоның ресми ақпаратында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35-ке дейін, білімі орта, арнайы орта, жоғары заңгер, бойы 170 сантиметрден кем емес, денесі шыныққан, шұғыл әскери қызметтен өткен немесе запастағы офицер.

Сонымен қатар, конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, жеке қасиеттерді бағалау, әскери-дәрігерлік комиссия сынақтарынан өтіп, дене даярлығы бойынша нормативтерді тапсыратын болады.

Сондай-ақ, қызметкерлердің әлеуметтік қамтамасыз етілуі: тегін нысанды киім-кешек, ІІД емханасында тегін медициналық қызмет алу, ІІМ жоғары оқу орындарында тегін оқу, тұру үшін жатақхана беріледі.

«Қызметкерлерге сыныптық біліктілігіне үстемеақы төленеді, коммуналдық қызметтерді төлеу үшін өтемақы төленеді, жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы, еңбек сіңірген жылдарына байланысты қосымша төленетін еңбек демалысы беріледі, бюджет қаражаты есебінен кепілдікті мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз етіледі, зейнеткерлікке шығу жасы 48 жасты құрайды»,- делінген ресми ақпаратта.

Өткізілетін орны Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 25 Жұмыспен қамту орталығы.