Астана тұрғыны қызын балабақшада ұрып-соққанын мәлімдеді – қылмыстық іс қозғалды

0
817

Қыздың анасы әлеуметтік желіде видеоүндеу жасады.


Астана тұрғыны қызын балабақшада ұрып-соққанын мәлімдеді – қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан полициясы қала тұрғындарының бірі баласын балабақшада ұрып-соққанын айтқаннан кейін қылмыстық іс қозғады, деп жазады sputnik.kz

Бұған дейін әлеуметтік желіде жарақат алған баланың суреті жарияланды. Жазба авторының айтуынша, 12 қаңтарда анасы қызын жекеменшік балабақшадан алып кеткен. Үйге келгеннен кейін баланың денесі көгеріп қалғанын байқаған. Әйел құқық қорғау органдарына арызданған, алайда, оның айтуынша, іс қаралмай жатыр.

Қыздың анасы әлеуметтік желіде видеоүндеу жасады.

"Жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.